Жамбыл облысында екі жылда 95 бастапқы медициналық нысан салынды | arainews.kz

Жамбыл облысында екі жылда 95 бастапқы медициналық нысан салынды

192

Денсаулық сақтау саласында Жамбыл облысында екі жыл ішінде денсаулық сақтау саласында бастапқы медициналық нысандармен қамту көрсеткіші 100 пайызға теңесті. Екі жыл ішінде өңірде  95 елді мекенде 2 жылда 95 нысан салынды. Бұл мәліметтерді Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

 

Медициналық ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдарда енгізілді. Интернет желісіне 391 мекеменің 383-і қосылған. Халықтың 95% электрондық денсаулық паспорттары бар.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмыс аяқталуда, бекітілмеген халықтың саны 51 мыңнан 3,4 мың адамға қысқарды.

Облыстың шалғай аудандары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында соңғы 2 жылда 568 млн.теңгеге 74 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды.

Автокөлікті тиімді пайдалану және бақылау үшін 138 жедел медициналық жәрдем көлігі GPS-навигация жүйесімен жабдықтауға облыстық бюджеттен                   122 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде шақыруды қабылдау уақыты орташа есеппен 6 минуттан 1 минутқа дейін, пациентке келу — 14 минуттан 9 минутқа дейін қысқарды.

2 жыл ішінде  4,4 млрд. теңгеге                 1567 бірлік медициналық техника сатып алынса, заманауи роботталған Locomat қондырғысы   306 млн.теңгеге орнатылды. Бұл аппарат республиканың  5 өңірінде ғана (Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Тараз қалаларында) бар.

Анықтама: Жарақат, инсульт, балалар церебральды салынан кейінгі қозғалыс аппараттары бұзылған пациенттердің қозғалғыштығын қалпына келтіреді. Аппарат алған сәттен бастап 3 ай ішінде 43 бала емдеу курсынан өтті, оның 41-і церебральды сал ауруы диагнозымен.

Нәтижесінде медициналық жабдықтармен жабдықтау деңгейі 80%-дан асты. Орташа республикалық көрсеткіш  — 74.

Мемлекеттік — жекеменшік серіктестік негізінде жылдың соңына дейін ангиограф және компьютерлік томография алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 200 орындық онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2021 жылы жоспарлануда.

Өлім-жітім көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен төмен — 6,64.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.