Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі | arainews.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі

52

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында 6 мемлекеттік қызмет түрі бар.

Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет басқармамен тікелей көрсетілетіледі.

  1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік икөрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Заңды тұлғаларға тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.

  1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік икөрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап -5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық/ қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Порталда — Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі — ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

Заңды тұлғаларға тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде — заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

 2) осы Қағидалардың 2 — қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

 3) осы Қағидалардың 3 — қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй — жай) туралы мәліметтер;

4) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт;

 5) осы Қағидалардың 4 — қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;

6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері;

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) осы Қағидалардың 3 — қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй — жай) туралы мәліметтер;

3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;

4) осы Қағидалардың 4 — қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама;

5) электрондық құжат нысанында спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру туралы бұйрықтар;

спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде — заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы Қағидалардың 2 — қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) осы Қағидалардың 3 — қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй — жай) туралы мәліметтер;

4) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт;

5) осы Қағидалардың 4 — қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;

порталға:

 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) осы Қағидалардың 3 — қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй — жай) туралы мәліметтер;

3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт түрі бойынша бөлімше спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;

4) осы Қағидалардың 4 — қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама.

  1. «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғыры деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік икөрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күн.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық/ қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Жеке тұлғаларға тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) «Спорт шеберіне кандидат» спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамалары;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;

2) «1-разрядты спортшы» спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамалары;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосурет;

3) біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыс федерациясы мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамалары немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) тізімі;

4) «біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

5) «біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;

6) «бірінші санатты спорт төрешісі» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде — жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;

қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамалары немесе төрешілік туралы анықтама;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;.

4 «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру», мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) айдан артық емес;

2 кезең: тұрғынжайды беру – көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап алған сәттен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғынжайды пайдалану шарты.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін оның қабылдау орнында сақталуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорация тұрғынжайды пайдалану шартын 1 (бір) ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші тұрғынжайды пайдалану шартын көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Жеке тұлғаларға тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғынжай алуға өтініш.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.