Акция аясында жәрмеңке өтті | arainews.kz

Акция аясында жәрмеңке өтті

95

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды.
Ата-аналар балаларына мектепке қажетті заттарын сатып алатын кез. Осыған орай аудан орталығында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш шара «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы және акцияны «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен басталуы жаңа серпін беруде.

Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты — ата-аналар алысқа бармай балаға қажетті барлық мектеп құралын бір жерден алу және аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау, сондай-ақ қараша халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.

Шараға Қордай ауылының оннан аса кәсіпкері қатысып, Отандық және жергілікті жерде өндірлетін тауарларды тиімді бағада ұсынды. Тиісінше мектеп формалары мен кеңсе таураларына сұраныс артқан.
10 сауда шатырында оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылған. Сатушылар мен сатып алушыларға мерекелік көңіл сыйлау мақсатында аудандық мәдениет үйнің өнерпаздары ән шырқап, өнерлерін паш етті.
Жәрмеңке соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай акцияға қатысқан барлық кәсіпкерлерге аудан әкімі М.Мусаевтың алғыс хатын табыс етті.
Айта кетейік, ауданымызда «Мектепке жол» акциясы тамыз айында бастау алып, ауданның кәсіпкері мен еріктілері бүгінгі таңда 465 баланы жаңа оқу жылына мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
Тамыз айының 31-не дейін тағы да 335 баланы қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету күн тәртібінің жоспарында тұр. Сонымен қоса, Қазақстан халқы ұлттық қорынан жоғарыда аталған санаттағы 800 балаға ақция аясында көмек көрсету бойынша жұмыстар атқарылып отыр.

         

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.