«Жамбыл облыстық ауруханасы» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті | arainews.kz

«Жамбыл облыстық ауруханасы» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

36

Бүгін «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Жамбыл облыстық ауруханасы» бастауыш партия ұйымның жиналысы өтті. Жиынды бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі Г.Төребекова төрағалық етіп, жүргізді. Сонымен қатар басқосуға «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, партия ардагері А.Досымбаева қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес «Жамбыл облыстық ауруханасы» БПҰ-ның 2021-2022 ж.ж. бастап осы уақытқа дейінгі есебі тыңдалды. Сондай-ақ Тараз қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайланды.

БПҰ жоспарға сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асыруға өз септігін тигізсе, сондай-ақ партияның арнайы жобаларын іске асыруда белсенділік танытып, насихаттау жұмыстарын жүзеге асыруда.

Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қария кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс-тіршілігімен танысып, қажеттілігіне қарай көмектер ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын көпбалалы отбасыларға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіліп келеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.