«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде | arainews.kz

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде

51

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде.

Кестеге сәйкес, есеп беру-сайлау жиналыстары «Салауат», «Жамбыл жылу», «№7 қалалық емхана» бастауыш партия ұйымдарында болып өтті.
Күн тәртібінде: Бастауыш партия ұйымының 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстарының есебі, Бастауыш партия ұйымының Бюросын (төрағасын) сайлау, «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
«Салауат» бастауыш партия ұйымы Бюросының 2011-2023 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы бастауыш партия ұйымының төрағасы Г.Умаровтың баяндамасы тыңдалды.
Есепті кезеңде бастауыш партия ұйымы тарапынан «AMANAT» партиясының бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгендігі баяндалды.
«Жамбыл жылу», «№7 қалалық емхана» бастауыш партия ұйымдарында өткен есеп беру-сайлау жиналысы да күн тәртібіндегі мәселелерді толық талқыға салып, тиісті шешімдер қабылдады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.