Заңды тұлғалар басшыларының ауысуы туралы электронды хабарлама беру | arainews.kz

Заңды тұлғалар басшыларының ауысуы туралы электронды хабарлама беру

40

Электронды үкімет порталыарқылы заңды тұлға басшының өзгеруі бойынша  көрсетілетін қызметтер келесі түрлерге бөлінеді:

Мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындау. Өтінішті уәкілетті органның оны тағайындау туралы бұйрығының (шешімінің) pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, тағайындалатын басшы электронды үкімет порталына береді. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет заңды тұлға орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің қатысуымен көрсетіледі.

Банкроттықты, оңалтуды немесе уақытша басқарушыны тағайындау жатады. Басқарушыны тағайындау сот органының шешімі бойынша заңды тұлғаны оңалту рәсімін, мәжбүрлеп таратуды немесе банкроттықты жүргізу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Өтініш тағайындалған басқарушыға оны тағайындау туралы сот шешімінің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, электронды үкімет порталына беріледі. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет заңды тұлға орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің қатысуымен көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау. Өтінішті заңды тұлғаның тағайындалған басшысы немесе жалғыз қатысушысы электронды үкімет порталына береді. Уәкілетті органның Жалпы Жиналысының Төрағасымен және хатшысымен немесе заңды тұлғаның жалғыз қатысушысымен (егер өтінішті ол тағайындаған басшы берген жағдайда) келісіледі. Өтініш беруші өтінішті толтыру барысында жиналыс төрағасы мен хатшысының ЖСН көрсетеді. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі. Егер «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры мұрағатында құрылтайшылар көрсетілмеген жағдайда (электронды үкімет порталында құрылтайшылардың кім және қанша екенін анықтау мүмкіндігі жоқ), онда өтініш берушіге бір немесе бірнеше тұлға құрылтайшы болып табылатындығын көрсетуге мүмкіндік беріледі. Содан кейін өтініш беруші жалғыз құрылтайшының ЖСН-ін не хатшының, жиналыс төрағасының ЖСН-ін көрсетеді. Бұл жағдайда өтініш электронды үкімет порталында өтінішті келіскен тұлғалардың өкілеттіктерінің дұрыс көрсетілуін мұрағаттық материалға сәйкес тексеру мақсатында тіркеуші органның тіркеушісіне орындауға жіберіледі. Сондай-ақ, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры мұрағатында, заңды мекенжайдағы мекенжайдың тіркеу коды бойынша деректері жоқ субъектілер бойынша өтініштер тіркеуші органның тіркеушісіне орындауға түседі. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтердің толықтығы ҚР Қаржы министрлігініңмемлекеттік кірістер комитиетінің және Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйелеріндегі жаңа басшы туралы хабарламаны оң өңдеу үшін қажет.

Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау. Заңды тұлғаның мұрасын сенімгерлік басқарушыны нотариус тағайындайды. Тағайындау, егер заңды тұлға басшысы және жалғыз құрылтайшысы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен мәртебесі бар жеке тұлға болып табылған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәлікті алған тағайындалған сенімгерлік басқарушы мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәліктің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып бере алады. Қызмет заңды тұлға орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің қатысуымен көрсетіледі.

Филиал (өкілдік) басшысын тағайындау. Өтінішті электронды үкімет порталына бас ұйымның басшысы береді және ол қол қояды.

Заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының м.а., басшы болмаған уақытта оны алмастыратын (демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар және т. б.) басшыны тағайындау. Өтінішті қолданыстағы басшы электронды үкімет порталына береді және оған қол қояды. Басшының м.а. тағайындалуы ол шеттетілгенге дейін әрекет етеді. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын лауазымынан шеттету. Өтінішті электронды үкімет порталыназаңды тұлғаның уәкілетті тұлғасы береді. Жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен немесе заңды тұлғаның жалғыз қатысушысымен келісіледі. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі.

Филиал (өкілдік) басшысын қызметінен шеттету. Өтінішті электронды үкімет порталына бас ұйымның басшысы береді және ол қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі.

Басшының м.а. қызметінен уақытша шеттету. Өтінішті электронды үкімет порталыназаңды тұлғаның негізгі басшысы береді және оған ол қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі. Негізгі басшы (демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және т.б. болған) жұмысқа шыққаннан кейін, егер бұған дейін өзі болмаған уақытта электронды үкімет порталы арқылы міндеттерді уақытша атқарушыны тағайындау туралы өтініш жіберген жағдайда, осы қосалқы қызметке бастамашылық жасайды.

Е. Жұман,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және

жер кадастры бөлімінің заңды тұлғаларды тіркеуші бас маманы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.