Түзеу орындарында кәсібін дөңгелеткендердің есебі тыңдалды | arainews.kz

Түзеу орындарында кәсібін дөңгелеткендердің есебі тыңдалды

111

Қазіргі таңда түзеу орындарындағы сотталғандардың еңбегін тиімді пайдалану ісі оңды жолға қойылған. Яғни ондағылар қарап отырмайды. Тәулігіне сегіз сағат еңбек етіп соған сай жалақы да беріледі. Сондықтан 2015 жылдан бері түзеу мекемелерінде жеке кәсіпкерліктердің жұмыс жасауына мүмкіндік беріліп, бастау алғанына алты жылдан астам уақыт өткен бастаманың арқасында біраз шаруа нәсібін айырып отыр. Дегенмен қатаң қағида мен темірдей тәртіп орнаған түзету орындарының өзіндік талаптары да жоқ емес.

Бүгін осыған байланысты Жамбыл облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде жиын өтті. Онда ҚАЖД -ЖД158/7 мекемесінің өндірістік аймағында сенімгерлік басқару шартымен жұмыс жүргізуші бірнеше кәсіпкердің есебі тыңдалды. Әрбір жеке кәсіпкерлікпен заңнамаға сай мерзімдік шарт жасалады. Осы аралықта кәсіп иелерінің атқарылған жұмыс барысы, жазасын өтеушілерге төленген еңбекақы, өндіріске жұмсалған коммуналдық қызметтердің төлемі,шикізат, құрал-жабдықтар сынды кеткен шығын мен өндірілген өнім көлемінің жай-жапсары талқыланды. Мұнан өзге мәселелер де көтеріліп, әрбір кәсіпкердің есебі жіті талқыланды. Мекемедегі сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету тобының аға инспекторы әділет капитаны Айгул Кубеева тарапынан өзара сенімгерлік басқару шартын оңтайландыру бойынша ұсыныстары тыңдалып, алдағы уақытта назарға алынатындығы айтылды. Айта кетелік, қазіргі таңда ЖД-158/7 мекемесі аумағында 17 кәсіпкерлік белсенді жұмыс жасаса, сотталғандарға төленетін жалақы көлемінің орташа деңгейі 40-50 мың аралығын құрап отыр.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.