Түсіндерме жұмыстарын жүргізді | arainews.kz

Түсіндерме жұмыстарын жүргізді

39

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінде Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімімен кездесу өткізілді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Ж. Әбдіқаппаров және теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімімен кездесу өтті. 15 колледжінің мұғалімі Б. Сариев «Қазақ елді мекеніне ислам дінінің келуі» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында қазақ еліне ислам дінінің келуі және таралуын толықтай түсіндіріп берді. Аталған іс шараның мақсаты мекемедегі сотталған азаматтардың патриоттық сезімін оята отырып дінді түсіндіру.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.