Тұрғынүй құрылысы толастамайды | arainews.kz

Тұрғынүй құрылысы толастамайды

224

Әлемдік деңгейде жүріп жатқан урбанизация үдерісі қала халқының артуына тікелей әсер етіп отыр. Нәтижесінде, шаһарға қоныстанғанымен өз баспанасы жоқтардың қатары да көбеюде. Бұл мәселемен күресте қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударып отырған Елбасы Н. Назарбаев бірінші кезекте қолжетімді баспаналар салу ісіне ден қойып отыр.

Осылайша, Тараз қаласының өзінде соңғы 10 жылға жуық уақыт ішінде «Астана», «Бәйтерек» аталатын қос бірдей шағын аудан салынып, көне қаланың керегесін кеңейте түсті. Ал жуырда тағы екі аудан алғашқы тұрғындарын қабылдамақ. Жауапты тұлғалар таратқан ресми деректерге сүйенсек, онда 350-ге жуық көп қабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған екен. Әр үйде орта есеппен алғанда 70 пәтер болады десек, 24 мыңнан астам отбасы үйлі болмақ. Мұнда бой көтеретін барлық өзге де қажетті нысандар халықтың жағдайын жақсарту, әл-уқатын арттыру және жайлы өмірін қамтамасыз етуге арналады.

Қала көлемінде пайдалануға берілетін тұрғынүйлердегі пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-ана қамқорлығынан айрылған азаматтарға беріледі. Бұл да болса әлсіз топ өкілдеріне деген мемлекеттің қамқорлығы деп білу қажет.

Алдиярбек ТҮСІПОВ,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.