Кедергісіз келешек көкжиегі

25

Ата Заңымызда айшықтап жазылғандай, еліміздің ең басты қазынасы –адам және оның өмірі. Міне, сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей ықпалымен халықтың мақсат-мұраты мен кемел келешегіне баса назар аударылып келеді. Бұл тұрғыда елімізде әлеуметтік реформалар тиімді жүзеге асуда. Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында да тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған маңызды міндеттер айқындалуда. Әсіресе, шағын және орта бизнесті дамыту, сол арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету, әрбір азамат үшін қолайлы орта қалыптастыру сынды жұмыстарға басымдық берілуде. Оның нақты нәтижесі Жамбыл облысында да көрініс табуда.
Мысалы, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жай-жүйіне ерекше көңіл бөлінуде. Барлық мекеме-кәсіпорындарда талапқа сай пандустардың орнатылып, қызмет түрлерінің қолжетімді бола түсуі осы сөзіміздің бір ғана дәледі. Жұмыспен қамтудың кешенді шаралары да жүйелі жүзеге асуда. Бұл бағыттағы шаруалардың алдағы уақытта да жалғаса беретіндігіне сенім мол.

Күләш ӘМЕДІҚЫЗЫ,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.