ТарМПУ-да Зейнеп Ахметовамен кездесу өтіп жатыр

76

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Саналы тәрбие — болашақ кепілі» тақырыбында Зейнеп Ахметовамен кездесу өтуде.

Кешелі бері Зейнеп апамен жүздессек деп өтініш білдіріп, төріне шақырып жүрген мекемелер, мектептер, оқу орындары өте көп. Зейнеп Ахметова Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әулиеатаға келіп жатқандықтан, алдын-ала белгіленген графикпен жоспарлары өте тығыз. Сондықтан, басқарма өкілдері мүмкіндігінше кездесуге ниет білдірушілердің бетін қақпай, белгіленген орындарға жинақтап, жүздестіруде.

Жиындарда барлық қатысушыларға орын жетпей жатқан жайы да бар. Алайда, тік тұрып тыңдап тұрған жастардың қатары қалың. Әрине, өнегелі адамның айтқанын тыңдап, көкейге түюге ұмтылған жас ұрпақтың бұл әрекеті көңіл қуантады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.