Түркиялық компания Жамбылда тұз зауытын салуға ниетті | arainews.kz

Түркиялық компания Жамбылда тұз зауытын салуға ниетті

251

Түркиялық компания Жамбылда тұз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан және Түркия тараптары арасындағы келіссөздер кезінде белгілі болды.

Аталмыш келіссөздер нәтижесінде тараптар жалпы құны 1 млрд 700 млн долларды қамтитын 22 құжатқа қол қояды деп күтілуде. Келісімдер бүгін Анкара қаласында өтетін инвестициялық форум барысында жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Оған екі жақтан 200-ден астам компания қатысуы тиіс. Тараптар әріптестікті нығайту мүмкіндігін де қарастырады.

«Kazakh Invest» компаниясының басқарушы директоры Эрик Якубаевтың айтуынша, ірі жобалардың арасында «Йылдырым Холдингті» атауға болады. Аталған жоба Жамбыл облысында жалпы құны 270 млн долларға тең кальцийлендірілген тұз өндіру зауытын салуды көздейді. Ол бойынша меморандумға қол қойылады. Мұндағы қолдау ұлттық әріптестік пен жергілікті билік тарапынан жасалып отыр екен.

Түркия – еліміздің сауда-саттықтағы негізгі серіктестердің бірі. Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде мемлекеттер арасындағы сауда 678 млн долларға өскен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.