Таразда жас отбасылар арасында спорттық жарыс өтті | arainews.kz

Таразда жас отбасылар арасында спорттық жарыс өтті

219

«Тараз-Арена» спорт сарайында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Отбасы күні» мерекесіне орай «Менің жанұям!» атты жас отбасылары арасында спорттық эстафетасы өткізілді.
Отбасылық эстафетаға 7 команда қатысып, 6 сайыс бойынша («Таныстыру», «Желаяқ», «Пингвин», «Ғарыштық ұшулар», «Тасымақ», «Командалық пойыз») жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қазахбаевтар отбасы («Семья» командасы), ІІ орынды Кошалиевтар отбасы («Медведи» командасы), ІІІ орынды Юсуповтар отбасы («Жас қыран» командасы) иеленсе, Мұсаевтар отбасы («Еркем-ай» командасы), Сиқымбековтар отбасы («Жүйріктер» командасы), Түзелбаевтар отбасы («Бірлік» командасы), Башигуловтар отбасы («Достар» командасы) алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.