Облыс әкімі Азия ойындарына қатысқан жамбылдық спортшыларды қабылдады | arainews.kz

Облыс әкімі Азия ойындарына қатысқан жамбылдық спортшыларды қабылдады

238

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен Азия ойындарында ел намысын қорғаған жамбылдық спортшылар Гузалия Гафурова, Асланбек Шымбергенов, Әбілхан Аманқұл, Руслан Жапаров, Әділ Қасқабай, Светлана Голендованы қабылдап, құрмет көрсетті.

Спортшылармен кездесу барысында облыс басшысы өңір спортының өркендеуі үшін барлық жағдайлар қарастырылғанын айта келіп, жергілікті атқарушы билік тарапынан алдағы уақытта да спортшыларға көрсетілетін қолдау толастамайтынын жеткізді.

Облыс әкімі жүлдегерлеріміздің Азиада ойындарында лайықты деңгейдегі нәтиже көрсеткенін айта келіп, Алғыс хатпен марапаттады. Жерлестеріміздің алдағы уақытта да толайым табыстарға қол жеткізе берулеріне тілектестігін білдірді.

Индонезия елінде өткен Азия ойындары бойынша таяуда аймақтардың рейтингі шығарылды. Нәтижесінде, Азиадада ең көп медаль алған облыстар рейтингінде біздің өңір үшінші орынға жайғасты.

Жаклпы биылғы жылғы Азия ойындары жайлы айта кететін болсақ: 2018 Азия Ойындары ресми Азиада XVIII ретінде белгілі, 18-ші Азия аймақтық мульти-спорттық іс-шара. Ол Индонезияның астанасы Джакартада және Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте 2018 жылдың 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтті. Қырық бір спорт түрі мен спорттық пәндер өткізу ұсынылған.  Бұл Джакарта қаласында өткен екінші рет өткен Азия ойындары, оның біріншісі – 1962 жылы өткен болатын. Алғаш рет азияойындарының тарихында, ойындар бір қалада екі рет өтетін болады делінген.. Биылғы жылғы Азия ойындарының Индонезияда өтуі 2014жылдың 19 тамызында бекітілген екен.Аиталған ойындар Индонезия президенттік сайлауымен қабаттаспас үшін 2018 жылдың орнына бастапқыда 2019 жылы өтетін болады депте жоспарланған екен.

Аталған ойындарға Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысқан, оның ішіндегі 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен  бақ сынады. Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарында жалпы есебі 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынды, оның ішінде 363 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін тапты. Тағы бір айта кетерлігі, биыл Азия ойындарының бағдарламасынан нысана көздеу және стенд атудан командалық жарыс пен бокстан ерлер арасында ауыр салмақ дәрежелері (81 келі, 91 келі, +91 келі)  алынып тасталған болатын.

alternativ.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.