Таразда ұрланған 27 телефон шетелдікке сатылған | arainews.kz

Таразда ұрланған 27 телефон шетелдікке сатылған

97

Таразда ұялы телефон ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Меркі ауданында Қырғызстанның 28 жастағы азаматы ұсталып, одан жаңа модельдегі 27 ұялы телефон тәркіленген. Телефондардың нарықтағы құны шамамен 700 мың теңгені құрайды. Тергеу кезінде Қырғыз Республикасының азаматы гаджеттерді Таразда сатып алғанын мәлім етті.

Смартфондарды саудалаған Тараздың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол облыс орталығындағы «Чайка» дүкенінің маңында ұялы телефондарды сатып алумен айналысқан. Жігіт қырғызстандық клиентке 27 телефон сатқанын растады, бірақ мобильдік құрылғылардың құжаты болмай шықты.

«Тәркіленген телефондарды тексеру кезінде сатылған гаждеттердің 11-інің иесі анықталды. Олар әртүрлі уақытта «ұялы телефонымды ұрлаттым» деп полицияға арызданған. Осы іс бойынша, Тараздың 25 жастағы тағы бір тұрғыны ұсталды. Ол ұялы телефондарды ұрлағанын, артынша, «Чайка» дүкенінің маңында сатып жібергенін мойындады. Бір айта кетерлігі, сатып алушы да ұрланған телефондарды алып жатқанын білген», — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.