Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде | arainews.kz

Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде

150

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасайтын «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» ұйымдастырды.

Шара аясында республикаға танымал белгілі иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле сурет» атты көрмесі қойылды. Сондай-ақ, облыстық деңгейдегі БАҚ-тардың көрмесі ұйымдастырылып, облыстағы фотографтардың еңбектері қонақтар назарына ұсынылды.

Фестиваль концерттік және шоу бағдарламалармен сүйемелденіп, республикаға танымал айтыскердің жекпе-жек айтысына жалғасты. Сонымен қатар, тараздық ақындар – Жанғазы Ахмет, Нұржан Қадырәлі және Данияр Әлімқұлдар өлең оқиды.

Сондай-ақ, рухты әндерімен барша қазақ тыңдармандардың жүрегін жаулаған «Алашұлы» тобы өнер көрсетіп, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова және Ербосын Қасымбек секілді елімізге танымал тараздық әншілер де шара қонақтарын әнімен тербейді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.