Таразда Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған турнир өтті | arainews.kz

Таразда Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған турнир өтті

26

Бiлiктi банк қызметкері, саланың үздік маманы, әуесқой футболшы Темірлан Исмаділдаұлы Арзымбетовты еске алу турнирі өтті. Банк қызметінде өзінің шеберлігін көрсетіп, біліктілігі мен белсендігінің арқасында талай жетістіктерге жетті. Жастар арасында футболдын дамуына өз үлесін қосқан азамат. Өзі қызмет еткен Жамбыл облысының «Тұран Әлем» банкы Республикалық банктер арасында үш жыл катарынан чемпион болған. Облыстық ұлттық кауіпсіздік комитетінде, Казфосфатта, Дантист командасында, «Тұран Әлем» банкы командаларында ойнаған. Жастарға үлгі көрсеткен. Аса мөлтек ауданының жастарын футболга, спортқа баулытты. Бұл турнир қарындасы Алия Арзымбетованың бастамасымен  2016 жылдан облыс, республика, халықаралық деңгейде Темірланның жора-жолдастары, банк қызметкерлері, ақындар арасында өткізіліп келеді. Облыстық спорт басқармасы күнтізбелік жоспарға 2021 жылы енгізіп, жасөспірімдер арасында шағын футболдан еске алу турнирі 2022 жылдан өткізілуде.

Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орын Шу ауданы командасы, ІІ орынды «Сұңқар» командасы алса, І орынға «Ұлан 2011» командасы қолжеткізді. «Ең үздік ойыншы» болып «Ұлан 2011» ойыншысы Вадим Ломов, «Ең үздік сұрмерген» болып «Ұлан 2011» ойыншысы Нұркелді Айдар, «Ең үздік жартылай қорғаушы» болып «Сұңқар» ойыншысы Әзімхан Әли, «Ең үздік қорғаушы» ойын болып «Шу ауданы» ойыншысы Абылай Әбиір, «Ең үздік қақпашы» болып «Жуалы ауданы» ойыншысы Дәуренұлы Сағыныш марапатталды. Командаларға медаль мен ерекшеленген ойыншыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.