Еңбегімен шыңдалған Дәурен | arainews.kz

Еңбегімен шыңдалған Дәурен

137

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалында болашағынан зор үміт күттіретін жалынды жігіттер баршылық. Солардың бірегейі – Дәурен Даубаев. Өзінің айшықты еңбегімен дараланған Дәурен Абдрахманұлы ел-жұрттың назарына ерте ілікті. Содан болар, ол бүгінгі ұжымында сыйлы, әріптестері ерекше ілтипатпен құрмет көрсетеді.

Ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын қара жолда қызмет етуге арнаған кейіпкеріміз 1991 жылдың 1 ақпанында Шымкент қаласында дүниеге келген. Бала күнінен арман-мұраттарына жету жолында аянбай еңбек ететін жігіт туған қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы №24 орта мектептің түлегі. Одан әрі білімін жетілдіру мақсатында осындағы политехникалық колледжде «Бағдарламашы» мамандығында оқиды. Ал, 2012 жылы Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы жоғары оқу орнының студенті атанады.

Нарықтың өтпелі тұсында қолына диплом алған жігіт оқу бітіре салысымен-ақ шаңырақ көтереді. Бүгінде оның балдан да тәтті бір қыз, екі ұлы бар. Жас маман өзінің еңбек жолын «Нұр-Әбдірахман» серіктестігінде бастап, мұнда табаны күректей 5 жыл қызмет етеді. 2019 жылдың қыркүйеу айында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» біздің өңірдегі филиалына лаборант болып орналасады. Қазіргі таңда Дәурен мемлекеттік есеп бөлімінің инженері лауазымында.

Қорыта айтқанда, өз ортасында жақсы қырынан көрінген Дәурен Даубаев жұмыс барысында талай рет қиындықтармен бетпе-бет келді. Десе де, өз кәсібіне берілген жігіт мықтылығын іс жүзінде дәлелдеп келеді. Заман талабына сай білімін жетілдіріп отыратын бұл қасиеті өзге әріптестеріне үлгі, болашақ жолшыларға дәйекті дәлел.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.