Таразда республикалық ата-аналар конференциясы өтті

137

Тараз қаласындағы № 30 мектеп-гимназиясында Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасылық тәрбиелеу институтының ұйымдастыруымен «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті.
Конференция барысында Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкілі Ж.Мыңбаева ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің қонсультанты А.Байтишев, № 30 мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Абдырахманова және мектеп директоры Р.Есеева баяндама жасады. Республикалық ата-аналар конференциясына 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналары қамтылды.
Ата-аналарға арналған риспубликалық конференция облыстың барлық мектептерінде өтті.
Еске сала кетейік, аталған конференция 2-3-4 сынып оқушылары ата-аналарына 13 қазан, ал 8-9 сынып оқушылары ата-аналарына 14 қазан күні өтеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.