Берік Уәли университет жастарымен кездесті | arainews.kz

Берік Уәли университет жастарымен кездесті

188

Апта басында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жастарымен кездесті.

Жастармен жарқын жүздесуде бүгінгі қоғамдағы жастардың рөлі, олардың мамандыққа  деген сүйіспеншілігі әңгіме арқауына айналды. Өз кезегінде студенттер де басқарма басшысына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Сондай-ақ, Берік Уәли жастарға  ағалық ақыл кеңестерін айтып, алдағы уақытта осындай кездесулерді көптеп ұйымдастыру қажет екендігін тілге тиек етті.

Кездесу соңында, басқарма басшысы «Алаштан қалған асыл сөз» атты кітабын студенттерге табыс етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.