Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрақты жұмысқа орналасты | arainews.kz

Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрақты жұмысқа орналасты

28

Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу әрі олардың қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, қалалық №2 соттың үкімімен кінәлі деп танылған Б есімді азамат пробация қызметкерлерінің ықпалымен ақылы жұмысқа орналасты. Айта кету керек, 1995 жылы туылған бұл азамат ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан шектелген. Сондай-ақ оған пробациялық бақылау орнатылып, жаза өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқару міндеттелді.

— Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы сотталған Б есімді азаматтың «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалына курьер ретінде жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 27 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып, аз қамтылған 10 азамат қаражат түріндегі атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бүгінгі таңда «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 3 айлық арнайы курстарға қатысып, 400 АЕК түрінде грант алуға ниетті 15 сотталған кезекте тұр, — дейді қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Калык.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.