Таразда өңірлік жастар Форумы өтті

89

Таразда «Бәсекеге қабілетті жастар – жарқын болашақ кепілі» атты өңірлік жастар Форумы өтті.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиын мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерде іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогын қалыптастыруға бағытталды. Сондай-ақ, Фоумда өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылау, жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Аталған шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен түрлі салада айтарлықтай жетістікке жеткен, өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жүргізілуіне үлес қосып жүрген жастардан құралған 500-ге жуық делегаттар мен қонақтар қатысты.

Форумның бірінші кезеңінде өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қатысты «Қазақстан жастары – білімнен инновацияға дейін», «Жастар кәсіпкерлігі – экономикадағы стратегиялық ресурс», «Жастарды жұмыспен қамту – әлеуметтік-экономикалық дамудың кілті», «Салауатты жастар – Тәуелсіз ел тірегі!» тақырыптарында секциялық жұмыстар жүргізіледі.

Ал, екінші кезеңі аясында «Made in Taraz», «Жас ғалым – 2018», «Жас кәсіпкер: жыл таңдауы – 2018» тақырыптарындағы көрме жұмыстарымен танысуымен бастау алып, пленарлық отырыспен жалғасты.

Пленарлық отырыста «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы У.Болатбектің, Каратэ-додан Әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Г.Гафурованың, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы аймақтық дамыту және үйлестіру басқармасының басшысы Л.Узарованың және «Жастар зерттеу» ғылыми зерттеу орталығының төрайымы П.Мамедованың «Жастар арасындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» бойынша баяндамалары тыңдалып, секциялық жұмыстар барысында қозғалған сұрақтар бойынша ұсыныстар талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қатысты қозғалған мәселелер хаттамаланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Форум аясында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда үлес қосып жүрген бірқатар облыстың белсенді жастарына «Алғыс хаттар» табыс етілді. Одан бөлек, ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында басқарманың ұйымдастыруымен өткен Жамбыл облысы жастарының үздік инновациялық, ғылыми және бизнес стартап жобаларына облыс әкімінің сыйақысын тағайындау жөніндегі байқау, «Made in Taraz», «Жас ғалым-2018», «Жас кәсіпкер: жыл таңдауы-2018» облыстық байқаулардың жеңімпаздары марапатталады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.