Таразда неміс наубайханасы ашылды

128

Тараз қаласында «Brot» неміс наубайханасы ашылды.

Тәулігіне 2 мың бөлке шығаруға мүмкіндігі бар кәсіпорын «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен ашылды. Қондырғылар мен пісіру пештері Германия мен Автралиядан алдырылған.

Наубайханада 12 жұмысшы бар. Жалақылары – тұрақты. Нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін мамандар шет елдерде біліктілігін арттырады. Наубайхана ашылар алдында неміс мамандары 2 күн бойы нан өнімдерін дайындаудағы тәжірибелерімен бөлісіпті.

Таза табиғи өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдері қазірдің өзінде сұранысқа ие болып үлгерген. Талапқа сай сапа серификатын алған өнімдер ірі сауда орындарына өткізілуде.

Айта кетейік, жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорында 15 түрлі өнім шығарылмақ. Наубайхана басшысы Лола Полуэктованың айтуынша, болашақта «Brot»-та мұздатылған, жартылай дайын өнімдер де шығарылатын болады.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.