Таразда «Jas qalam» жас журналистер форумы өтуде | arainews.kz

Таразда «Jas qalam» жас журналистер форумы өтуде

462

Таразда «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасы аясында отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форум өткізуде.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге қолға алынған шарада «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі Нартай Аралбайұлы жас журналистерге арнап шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылмақ.

Жиынның ашуылуында облыстық жастар мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен сөз сөйлеп, жас журналистердің біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен қоғам мен билік арасын жалғастырушы көпірге айналған журналистиканың бүгінгі рөлі туралы ой қозғады.

Аталмыш форумға 14 пен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар қатысуда.

Жоба мақсаты – еліміздің журналистика саласын дамыту. Аталған форумдар  бүгін Таразда өтсе,  16 қыркүйек — Алматы, 25 қыркүйек – Семей, ал 5 қазанда Астана қаласында жалғасын табады.

Жоба нәтижесінде 500-ге жуық жас журналистерді оқытып, менторлық көмек көрсету арқылы журналистік жолдағы прогрессін бақылау көзделген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.