Таразда бір тәулікте 3 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапты | arainews.kz

Таразда бір тәулікте 3 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапты

366

Таразда бір тәулікте 3 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 12:45-те Тараз қаласында жеке тұрғын үй шатыры өртенген. Өрт сағат 12:57-де оқшауланып, сағат 13:01-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (13 қызметкер, 2 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілген.

Сондай-ақ, бүгін  түнгі 01:09-да Тараз қаласы «Қаратау» (2) шағын ауданында 1999 жылы шығарылған «ВАЗ-21099» жеңіл автокөлігі отқа оранған. Өрт салдарынан автокөліктің артқы бөлігі зақымдалған. Өрт сағат 01:14-те оқшауланып, сағат 01:20-да толық сөндірілген. Қуанышқа орай, аталған оқиғалар салдарынан қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ.

Алайда, бүгін таңғы 06:37-де Тараз қаласы «Самал» (7) шағын ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орын алған өрт салдарынан 1952 жылы туылған азаматша қаза тапты. Оның мәйіті оқиға орнын зерделеу барысында табылған. Өрт сөндірушілер қызыл жалын темекі шегу кезіндегі абайсыздық салдарынан тұтанған болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.