Таразда Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған кеш өтті

103

Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің «Ішкі саясат» басқармасының ұйымдастыруымен тәуелсіздігіміздің қалыптасу жылдарында қазақтың айтыс өнеріне өзіндік үлес қосқан айтыскер ақын, Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Әзімбек Жанқұлиевты еске алуға арналған «Өнердің аққан жұлдызы» атты кеш өтті.

Ақынды еске алу кеші Әулиеата өңірінің жыр жампозының өмірін бейнелейтін бейнероликтен бастау алды. Іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болып, қолдау көрсеткен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы сөз сөйлеп, ақынның еске алу кешін ашып, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Әзімбек Жанқұлиевтің көзін көрген замандастары ауған соғысының ардагерлерлері, досы Алдажар Сейтұлы, белгілі композитор қалдыбек Құрманәлі, үлгі тұтқан ұстазы ақын, Қасқырбай Нарбатыров, шәкірттері мен жерлестері қатысып, естеліктер айтты. Сонымен қатар, кеш барысында ақынның өлеңдерін А.Байжанов, А.Санатбаева, А.Әбуәлі, А.Қиялбек, Н.Орынбаевтар сахна төрінде оқыды.

Кеш барысында Әзімбектың мақамына салып, Байзақ ауданының ақыны Дидар Басығараев пен Сарысу ауданының ақыны Алик Бекмұсаев айтыстан үзінді көрсетті. Ақынның жерлесі Байзақ ауданының термеші-жыршысы Ертай Тазабеков терме орындады және Әсет Дүйсебаевтың арнауымен жалғасты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.