Құқық бұзушылыққа жол жоқ | arainews.kz

Құқық бұзушылыққа жол жоқ

361

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті.  Жиында «Жол көлік оқиғасы бойынша, әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттманың дұрыс толтыруы мен сызбаның дұрыс жасалуы және сраптама тағайындау» тақырыбы талқыланды.

Бұл бас қосуда қаламыздағы жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік істердің қарау барысында заңдылық пен әділдіктің сақталуы айтылды. Сондай-ақ шығынды өтеу, хаттаманы қалай дұрыс толтыру мәселелері қарастырылды. Аталмыш жиынға облысымыздың құқық қорғау органдарының басшыларымен қызметкерлері қатысты. Жамбыл облыстық сотының судьясы Самат Төлесбай:

  • Судьялар аталған санаттағы істер бойынша  қабылданған шешімдер заңды және қарапайым адамдарға түсінікті болуы тиіс. Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасына жол-көлік оқиғасына қатысты қарау үшін түскен әкімшілік істердің іс-құжаттарын зерделеу кезінде, көптеген кемшіліктер анықталуда. Яғни, құқық бұзушылық туралы хаттама мен жол-көлік оқиғасы схемасының толық және дұрыс толтырылмауы, – деп мәселені дөп ортасына айтып берді.

         Облыстық сотының судьясының айтуы бойынша жолдың бойында тұратын бейнебақылау камераларының кейбірі істен шыққан. Оған дәлел сотқа қарау үшін жолданған 90% істердің іс-құжаттарында әкімшілік құқық бұзушылықтың бейне жазбасы тіркелмеген.

         Алайда, әкімшілік істердің апелляциялық сатыда қаралу барысында полиция инспекторлары түсінік беру кезінде, ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары бейнебақылау камераларында жасалған құқық бұзушылықтың бейне жазбасы сақталмай қалған немесе мүлдем түсірілмегенін мәлімдейді. Іс құжаттарында дәлелдеме ретінде бейне жазбаның болмауы, судьяға дәлелді шешім шығаруға қиындық тудырады. Себебі құқық бұзушы құқық бұзушылықпен келіспеген жағдайда, іс бойынша қабылданған сот қаулысының негізділігі оған күмән келтіреді.

Осыған орай, егер құқық бұзушылық ЖБО бейнебақылау камераларына жазылмаған жағдайда, құқық бұзушылықты инспекторлар (ұялы телефон, планшет т.б. құралдар арқылы) жазып алуға және бейне жазбаны дәлелдемеле ретінде пайдалануға құқылы. Ал, апелляциялық немесе бірінші сатылы сотта, аталған бейне жазба бағаланып, жарамды немесе жарамсыз дәлелдеме қатарына тану туралы нақты шешім қабылданады.

  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 8-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың принциптерін сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізілген істі оның сипаты мен мәніне қарай жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы орайда жиналған материалдардың дәлелдемелік күшін жоқ деп тануға әкеп соғатынын назарда ұстаған жөн, – деді Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Думан Мауленов.

         ҚР ӘҚБтК-нің 808-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде сотқа қарау үшін жiберiледi. Алайда, аталған Заң талаптары полиция инспекторларымен сақталмайды. Әкімшілік істер сотқа әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан аса, ал кейбір кезде екi ай өткеннен кейiн жолданады. Сонымен қатар, әкімшілік хаттаманың толтырылуы бойынша көптеген кемшіліктер орын алуда, яғни iстi шешу үшiн қажеттi мәлiметтердің болмауы, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттардың қоса берілмеуі. Егер полиция инспекторлар ҚР ӘҚБтК-нің 803 бабына сәйкес, құқық бұзушылық хаттаманы толтырып Заңнамада белгіленген уақытта әкімшілік істі сотқа жіберсе, онда судьяларда істі қарау барысында қиындық тудыратын мәселелер туындамайды. Бұдан басқа, іс-құжаттарына тіркелген полиция инспекторлардың баяндамасы мен жол-көлік оқиғасының сызбаларында толық және нанымды мәліметтердің көрсетілмеуі орын алуда. Атап айтқанда, полиция инспекторлары іс-құжаттарында құқық бұзушы Жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) бұзды деп көрсетеді. Алайда ЖЖҚ-ның тармақтарын көрсетпейді немесе қате жазады. Сонымен қатар, істерді қарау барысында құқық бұзушылықтың жасалғанын дәлелдейтің дәлелдемелер базасы төмен екендігі анықталуда. Сол себептен, іс-құжаттарында жасалған құқық бұзушылықтың бейне жазбасы міндетті түрде болуы тиіс.

         Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Динара Мерзадинова:

—        Мен әріптестерімнің айтылғандарымен келісемін, себебі әкімшілік

істерді зерделеу барысында, полиция инспекторлармен іс-құжаттардың толықтылығы қамтамасыз етілмейді. Мысалы, бір әкімшілік іс бойынша полиция инспектормен ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша хаттама толтырылып сотқа жіберіледі, алайда іс-құжаттарда құқық бұзушының жүргізуші куәлігі немесе куәліктің берілгені (берілмегені) туралы анықтама тіркелмеген.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігінің диспозициясында — Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы деп көрсетілген. Яғни, іс бойынша шешім қабылдаған кезде, жәбірленушіге келтірген материалдық залалдың мөлшерін көрсету қажет. Алайда, полиция инспекторлармен жәбірленушіге келтірген залалдың мөлшері туралы мәлімет көрсетілмейді.

         Тараз қаласы ІІБ ЖППБ Жол-патрульдік полициясы батальонының кезекші-инспекторы полиция капитаны А.Дүйсенов:

—        Сіздің айтқаныңыз орынды, алайда кейбір кезде ӘҚБтК-нің 610 бабы1

бөлігімен хаттама толтыру барысында, жәбірленуші медициналық көмек беруден бас тартып, оған материалдық залал келтірілмегенін айтады. Содан, сот процесінде жәбірленуші жол-көлік оқиғасы болған кезде оған материалдық залал келтірген деп көрсететді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда сақтандыру компаниясының өкілдері оқиға болған жерге келмейді.

          Тараз қаласының «Amanat» АҚ Сақтандыру компаниясының өкілі А.Аккожин:

—        Мен, полиция капитаны А.Дүйсеновпен келіспеймін, себебі «Amanat»

АҚ Сақтандыру компаниясының өкілдері жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда міндетті түрде оқиға болған жерге барып, сақтандырушыға барынша көмек көрсетеді.

 Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ іздестіру бөлімшесінің басшысы

полиция подполковнигі А.Е.Байғараев:

—        Құрметті дөнгелек үстел қатысушылар, біз бүгін өткізіліп жатқан іс-шараға жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік істердің қарау барысында қиындық тудыратын мәселерді шешу және оларды болдырмау мақсатында қатысуға келдік. Бүгін дөңгелек үстелде талқыланып отырған мәселелер маңызды деп есептеймін. Қазіргі таңда, Тараз қаласында күнделікті көптеген құқық бұзушылықтың жасалуына байланысты, кейбір кезде полиция инспекторлармен хаттамада, баяндама мен жол-көлік оқиғасының сызбаларында толық мәліметтер көрсетілмей қалады.

Ішкі Істер басшыларының тарапынан аталған кемшіліктерге жол бермеу мақсатында, полиция инспекторлармен Жол жүрісі қағидаларын қолдану бойынша күніге арнайы оқу сағаттары жүргізіледі.Сонымен қатар, дөңгелек үстелде қабылданған шешімдер барлық полиция инспекторлардың қатысуларымен жедел кеңесте талқыланып назарға алынады. Сотқа жіберілетін барлық істер бақылауға аланып, іс-құжаттарға қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп, істерді қажетті құжаттармен толықтыру қамтамасыз етіледі.

         «Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институты» РМҚК-ның бас сарапшысы Б.Алиев:

—        Әкімшілік істер сараптама тағайындаумен түскен кезде,

оларды зерделеу барысында, полиция инспекторлармен іс-құжаттардың толықтылығы қамтамасыз етілмейтіні анықталады. Мәліметтердің толық болмауына байланысты, сараптама тарапынан соттан бастапқы мәліметтер сұратылады. Егер де, жол-көлік оқиғасының сызбалары сапалы жасалынса, жол-көлік оқиғасының белгілеу (фиксация) жұмыстары дұрыс денгейде жүргізілсе, сол кезде сараптама уақтылы және сапалы жасалынады.

 

Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы қорғаушы А.Б.Бақбергенов:

–Мен, дөнгелек үстел баяндаушылармен толықтай келісемін, істерді қарау барысында бейне жазбаның болмауы заңды шешім қабылдауға кедергі болады, сол себептен іс-құжаттарда жасалған құқық бұзушылықтың бейне жазбасының болуы тиіс деп есептеймін.

Жиын соңында аталған мәселелер бойынша ортақ қорытынды шығарылды. ІІБ ЖППБ Жол-патрульдік полиция инспекторлармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен баяндамалар қолданыстағы әдістемелік әдебиетке сәйкес толтырылуы, ал жол-көлік оқиғасының сызбалары, көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне сәйкес, жасалынуы ұсынылды:

— ІІБ ЖППБ Жол-патрульдік полиция инспекторларға құқық бұзушылықты (бейнетіркеуші, ұялы телефон, планшет т.б. құралдар арқылы) жазып алу және бейне жазбаны дәлелдемеле ретінде әкімшілік іс-құжаттарына тіркеу;

— Сақтандыру компаниялардың өкілдеріне жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиға болған жерге бару және қажетті іс-шараларға қатысу;

— ІІБ ЖППБ Жол-патрульдік полиция инспекторлармен әкімшілік істерді сотқа жолдау барысында, іс-құжаттардың сапасы мен толықтылығы қамтамасыз етілуі және құқық бұзушы мен жәбірленушіге жол-көлік оқиғасының реконструкция сызбасы өздерінің тараптарынан жасалынуы ұсынылды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.