Таразда Азаматтық орталық ашылды | arainews.kz

Таразда Азаматтық орталық ашылды

269

Тараз қаласында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық ашылды. 

Азаматтық орталық ҮЕҰ қызметінің бағыттарын біріктіруге, азаматтық қоғам  институттарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Орталық практикалық және өзге де мәселелерді шешуде жұртшылықтың күш-жігерін біріктіреді және оларды шоғырландыру үшін жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар, орталықтың жұмысы аясында «ҮЕҰ мектебі», көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылатын болады. Және орталықтың интернет-сайты жұмыс жасайды.Онда түрлі әдістерге үйретіп, азаматтарға қолдау көрсетеді.

Сөзбен емес іспен дәлелдейтін орталықты Тараз қаласындағы Сыпатай батыр 8/2 мекен-жайынан таба аласыздар.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.