Таразда «Әуендер әлемі» алаңы ашылды | arainews.kz

Таразда «Әуендер әлемі» алаңы ашылды

359

Жамбыл  облысының   80  жылдығына  орай «Әуендер әлемі» алаңының салтанатты   ашылу   рәсімі өтті.

Нысан Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінің маңында орналасқан. Аумағы 700 шаршы метрден асады. Бұған дейін қараусыз жатқан алаң маңындағы аллея қайта жаңғыртылып,  қалпына келтіріді.

Айта кетейік, еліміздің  атын  әлемге  танытып  жүрген музыка өнері  қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттап,  өнегелі   өмір   жолын  бүгінгі   ұрпаққа  үлгі ету  мақсатында   ашылған  алаңның ортасына өнер иелерінің  құрметіне арналған стелла қойылған. Оның биіктігі – 6,5 метр. Стеланың айналасына  отыз тұғыр тас орнатылған. Оларға қойылған алпыс жұлдыз белгісіне еліміздің  мәдениетіне үлкен үлес қосқан тұлғалар мен өнер жұлдыздарының есімдері  жазылған.    Стелланың тұғырына Ж.Жабаев, Б.Шолақ, Ы.Дүкенұлы, К.Әзірбаевтың өнер туралы қанатты сөздері қашалып жазылған.

Нысанның ашылу салтанатында Қазақстанның және Қырғызстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев сөз сөйлеп, кейінгі жылдардағы өңірдегі өркенді істер туралы айта келе, руханият пен мәдениет бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ол ашылғалы отырған нысанның облыстан шыққан өнер адамдарына деген шексіз құрметтік белгісі екендігін марқая жеткізді. Шара барысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  «Әуендер әлемі» алаңына есімдері  жазылған өнерпаздарға сертификаттар табыстап, өнер мен өмірде сәттілік тіледі.

Жамбыл өңірі еліміздің өнер әлемінде қанатын кеңге жайған жайсаңдардан кенде емес.  Олар тек облысқа ғана емес, барша еліміздің мақтанышына да айналуда. Қазақ киноөнеріндегі айрықша тұлғалар Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, ән өнеріндегі азаматтар Илья Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Мэлс Өзбеков және тағы басқаларды айрықша атап айтуға болады. Бүгінде осы тұлғалардың ізің жалғап келе жатқан таланттар аз емес. Бұл алаң солардың өнеріне деген құрмет белгісі десек қателеспейміз.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.