«Тараз» өз алаңында «Жетісудан» басым түсті | arainews.kz

«Тараз» өз алаңында «Жетісудан» басым түсті

176

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 19-тур ойындары аясында «Тараз» командасы өз алаңында талдықорғандық Жетісудан 2:0 есебімен басым түсті, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Мачтың алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Алайда, жерлестеріміздің басымдығы бірден көзге көрініп тұрды. Қонақтар да аянып қалмады. «Тараздың» қақпасына қауіпті соққы жасағанымен, ол әрекеттерінен нәтиже бола қоймады.

Жамбылдық команда сапында бірінші голды бразилиялық ойыншы Эливелту соқты. Ол 11 метрлік айып добын тамаша орындап, Жетісу қақпасын тулатып түсірді. Бұл ойынның 50-ші минуты болатын. Ал, матч тағдырын қосымша уақытта Абзал Таубай соққан екінші гол шешті. Сонымен, «тараздықтар» өз алаңындағы маңызды кездесуде жеңіске қол жеткізді.

19- турдың қорытындысы бойынша қостанайлық Тобыл командасы 39 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда «Астана» мен «Қайрат» командасы келеді. 4-орынды 34 ұпайды еншілеген «Ордабасы» ұстап тұрса, одан үш ұпай төмен «Қайсар» бесінші орынға жайғасты.

Турнир кестесінің дәл ортасында «Шахтер» мен «Жетісу», ал «Оқжетпес», «Атырау» мен «Ертіс» одан кейін, кестенің соңына таман «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары келеді. Жамбылдық команданың еншісінде әзірге 16 ұпай ғана.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.