ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Таразда жұмыс сапарымен болды | arainews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Таразда жұмыс сапарымен болды

154

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағив пен Әбдіманат Бектұрғанов облысымызда жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Халық қалаулылары алдымен Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» ЖШС-на ат басын тіреді. 2007 жылы құрылып, өткен жылы қайта кеңейтіліп, модернизациялаудан өткен сүт өнімдері зауыты бүгінде тәулігіне 80 тонна сүт ұқсатып отыр. Айта кеткен жөн, зауыт ши­кізатты жергілікті өндірушілер­ден сатып алады.  Бұл сүт өндіретін шар­уа­шылықтар мен ауыл тұрғындары үшін аса тиімді. Өнім­нің барлығы табиғи шикізаттан да­йындалатындықтан, сапасы да жоғары. Болашақта тағы 10 кооперативпен бірігіп,  сүт өнімдерінің көлемін еселемек ниетте.  Ал жұмыс сапарымен келген депутаттар  коперативтің құрылуы, ауыл халқының оған бірігуі табыстың негізгі көзі екенін атап өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.