Қызғалдақтарды қорғай білейік!

Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар. Оның 12 — сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі.
Қазіргі кезде Жамбыл облысымызда қызғалдақтың кейбір түрлері сирек кездеседі. Осыған байланысты Жамбыл облысымыздағы көктем мезгілінінің сәнің келтіретіін және өсетін Грейг, Зинаида қызғалдақ гүлдеріне жеке-жеке тоқталып өтсек. Грейг қызғалдағы – саны аз қызғалдақ түрі. Жоғары декоративті, сұрыптауда, гүл өсіруде бағалы. Пиязшықты көпжылдық, күңгірт –қоңыр терілі, кейде соншалықты ұзын қабыршақтарымен. Сабақтың жоғары жағы түкті. Жапырағы шиыршықталған не тегіс, көкшіл, қызыл қоңырлау – күлгін түспен шұбарланған. Жемісі – ірі қорапша. Сәуір – маусымда гүлдейді, маусым – тамызда жеміс береді. Көбінесе өсетін орыны іріқиыршық тасты, жартасты, құм – балшықты және Қаратаудың тау беткейлерінде және т.б. жерлерде кездеседі.
Көктемнің сәнінің келтіретін қызғалдақ гүлдерін аялау әрбір азаматтың қорғауында болуына және қызғалдақ түрін көбейтуге ат салысқан дұрыс. Егерде Қазақстан Респкубикасының Қызыл кітабына енген қызғалдақ түрін жұлған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сомаға сай негізінен қызғалдақтың бір талын жұлсаңыз 1 айлық есептік көрсетікіш көлемінде айыппұл салынады.
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары табиғаттың сәнімен көркін келтіріп тұратын қызғалдақ гүлін қорғауға шақырады.

Елнур Алимкулов,
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.