Талғат Ешенқұлов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды | arainews.kz

Талғат Ешенқұлов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

11
Үкіметтің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында туған.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінде магистратурада, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыған.

Еңбек жолын 1997 жылы аға бухгалтер қызметінен бастаған.

2000-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облысының Әділет басқармасында және Әділет департаментінде жұмыс істеді.

2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.

2011-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы, ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып жұмыс істеді.

zakon.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.