Әлеуметтік жоба аясында бостандыққа шықты | arainews.kz

Әлеуметтік жоба аясында бостандыққа шықты

80

Түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың отбасылық, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Олардың жұмысқа орналасып, қалыпты өмір сүрулеріне жіті назар аударылып келеді. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан Н. Н. есімді азамат туыстарымен қауышты.

Шараға ЖД-158/2 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, мекеме ЕТҚЕ САТӘПжБ ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынова, Тараз қалалық Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Мұрат Әміреев, Тараз қалалық полиция басқармасы мен пробация қызметінің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жазасын өтеп босатылған азаматтың бостандықтағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

Өз кезегінде босатылған 2003 жылы туған Н. Н. өзінің заң мен қоғам алдында адал өмір сүруге екінші мүмкіндік алғанын айтып, алдағы уақытта түзелу жолына түсіп, өткен қателіктерін қайталамайтынын жеткізді. Азаматты мекеме қақпасы алдынан анасы күтіп алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.