Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басты назарда

Облыс әкімінің А.И.Мырзахметовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде, Transparency International халықаралық рейтингтік агенттігінің қорытындысы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен атқарылған жұмыстар, «Жамбыл – адалдық алаңы» жұмыс бағыты және жемқорлықты алдын алу бойынша енгізілген ұсыныстар туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысында Transparency International рейтингтік агенттігінің қорытындысымен, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 50% сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғары деп көрсеткендері айтылды.
Бұл жағдайды, облыс тұрғындардың белсенділігінің әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілігінің жоғарлауымен байланыстырамыз, деп жеткізді спикер — Ә.Әшірбаев.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ә.Әшірбаев, ағымдағы жылдың 9 айында жүйелі сыбайлас жемқорлық қылмыстар дерегі бойынша – 7 (2018 – 4), кіші және орта бизнес субектілерінің жұмысына араласу дерегі бойынша – 15 (2018 – 10), лауазымды тұлғалар тарапынан көлеңкелі бизнес субъектілеріне қамқолық жасау дерегі бойынша – 5 және мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау дерегі бойынша – 15 (2018 – 6) қылмыс тіркелгендігін айтты.
Ал тұрғындардың Агенттікке деген сенімінің артуы арқасында қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны 123 жеткендігін және былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өскендігін мәлімдеді.
Сондай-ақ, облыс деңгейіндегі салалық басқармалар және аудандар басшылығы алдын алу шараларын тиісті деңгейде жүргізуі керектігін, оның ішінде бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтерді барынша электронды түрге көшіру және де ол жөнінде қоғам назарына жеткізу керек, деді Ә.Әшірбаев.
Онымен қоса, комиссия отырысында «Жамбыл – адалдық алаңы» басшысы Қ.Меклисовтың және облыс әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Оразбековтың баяндамалары тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысымен:
— жергілікті атқарушы органдардағы құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жүргізілетін ішкі талдау қорытындыларын облыстық комиссия отырысында қарауды;
— аудандарда белсенді азаматтар қатарынан топтар құру және оның жұмысын «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысымен үйлестіру;
— бірінші басшылардың электрондық цифрлық қолтанбаларын пайдалуына жеке жауапты болуды және қызметкерлеріне беру тәжірибесін жою;
— «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын жандандыру, орта білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттарын өткізілуін бақылауда ұстау сияқты ұсыныстар қолдау тапты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.