Диқандарға жеңілдік молынан жасалуда | arainews.kz

Диқандарға жеңілдік молынан жасалуда

151

Шу ауданында тәтті түбір өсіру ісі алға басып келеді. Мәселен, биыл қант қызылшасының жоспары бойынша ауданға 1500 гектар жоспар беріліп, орындалуы 725,1 гектарды немесе 48,3 пайызды құраған.

Ал, өнімді сақтандыру жұмыстары бойынша, 2019 жылдың өніміне егілсе, 14 710 гектар күздік бидайдың 8986 гектары сақтандырылып, 61,08 пайызға орындалды.

– 2019 жылы 1 тонна аммиак селитрасының бағасы 78 400 теңге, тасымалдау құны әр тоннасына 5 950 теңгені құрап, қоса келе 1 тонна селитрасының бағасы 84 350 теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға 17000 тонна  фосфогипс ұнтағын алу жоспарланып, 4210 тонна фосфогипс алынды немесе 24,8 пайызды құрады.

Ауданға 2019 жылдың көктемгі-жазғы дала жұмыстарына 2145 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ішінде: шілде айына 780 тонна, тамыз айына 455 тонна, қыркүйек айына 390 тонна, қазан айына 520 тонна. Көктемгі егіс дала жұмыстарына 613 тракторлармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 573 доңғалақты трактор бар, – дейді аудан басшысы.

Жалпы, ағымдағы жылдың тоғыз айында ауданның агроқұрылымдары 497,3 млн. теңгеге 56 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Оның ішінде лизинг тәсілімен 219,5 млн. тенгеге 19 дана, өздерінің қаражаттарына 37 дана техника 277,8 млн. теңгеге алыныпты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.