Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды | arainews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

63

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жиын өткізді. Отырыста мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов жүргізіліп жатқан жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларға шолу жасады.

Басқосу барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес, жалпы қоғамның ортақ ісі екендігі ерекше атап өтілді. Жиында мекеме бастығының орынбасары сыбайлас жемқорлық індетінің мемлекет пен қоғамға келтірер залалы жөнінде кеңінен сөз қозғап, оның алдын-алу шараларын қолға алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа күрес күн өткен сайын күшейіп жатқандығын жеткізді.

– Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке құрам қызметкерлері арасында профилактикалық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Мекеме басшылығы сыбайластыққа жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізуде. Жалпы, ҚАЖ қызметкерлері арасында арнайы жиындар өткізіліп, жүйелі шаралар қабылдануда. Аталмыш індеттен қызметкерлерді сақтандыру бағытында алдын-алу шаралары алдағы уақытта жалғасын табады, — деді Ә. Дәулетқұлов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.