Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары! | arainews.kz

Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары!

56
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы биылғы жылы өңірімізде қайта өткізілуде.
Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі №35-Ө өкімімен 20-21 маусым күндері Сарысу ауданында іске асырылатын болады.
Жоба барысында – әр түрлі сала мамандары тұрғындармен кездесіп, кәсіби кеңестер береді, заң аясында қолдау көрсетеді.
Жұмыс топтарының құрамында облыс аумағындағы құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, мәдениет, білім, спорт, дін, тілдерді дамыту, жастар, жұмыспен қамту, ветеринария, энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар басқармаларының өкілдері қоғамдық қабылдаулар жүргізетінін еске саламыз.
Өткен жылы қараша айында өткізілген жоба кезінде аудан тұрғындары көтерген түйткілді мәселелердің шешілуі бойынша түсіндірмелер беріледі.
Көптен бері шешілмеген мәселелеріңіз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз
болса, ауданда ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен кездесуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Бейбітшілік пен келісімдегі мемлекеттің мерейі әрқашан үстем болсын!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.