Спорт алаңшаларының саны артуда | arainews.kz

Спорт алаңшаларының саны артуда

144

Тараз қаласында қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша, ағымдағы жылы 96 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 172 мыңнан аса қала тұрғындары қатысыпты.

Қазіргі таңда, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны 106 мыңнан астам адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,6 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейін жасөспірімдер – 21 912 адам, 14-29 жас арасындағы жастар – 48 254 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында – 35 120 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевтың айтуынша, шаһарда 515 спорт нысандары жұмыс атқаруда. Оның 450-і мемлекеттік болса, 65-і жеке меншікте. Айта кету керек, қалада спорт саласын дамыту мақсатында 2019 жылы спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл бағытта 86 алаңша қамтылады.

Атап айтқанда бюджет қаржаты есебінен 64 алаңша ел игілігіне ұсынылды. Оның ішінде «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Жауғаш батыр көшесі және Дорожник тұрғын алқабындағы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары, 1 «Street Workout» алаңшасы «Қарасу» мөлтек ауданы «Балауса» аула клубының маңында және 3 бірлік «Street Workout» «Қарасу «мөлтек ауданында, Сәтпаев көшесінің бойындағы 64 үйде, Тастақ, Жанболат көшесінде пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 25 спорттық алаңшаларына қалалық бюджеттен 47,3 миллион теңге бөлінді.

Ал демеушілер есебінен 7 алаңша қамтылмақ. Оның ішінде: «Самұрық қазына трафт» корпораициялық қорына «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Аса» мөлтек ауданында кіші футбол алаңшасына жер белгіленген. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар жекеменшік 9 алаңша бар. Оның ішінде «Dostyk-life» 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа өткен жылы қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы алаңшаларды соққан жауапкершілігі шектеулік серіктестіктер өз қаражаты есебінен 6 алаңшаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.