Қарттарға құрмет көрсетті | arainews.kz

Қарттарға құрмет көрсетті

129

Меркі ауданында 1 қазан – қарттар күніне орай салтанатты кездесу өтті. Жиынға ауданға танымал, аузы дуалы ақсақалдары мен кейуаналар шақыртылды. Басқосуды құттықтау сөзімен ашып берген аудан әкімі Мейірхан Өмірбек қарияларды мерекелерімен құттықтап, ақшарма тілектерін жеткізді. Аудан қарияларының ел арасында тыныштықтың сақталып, ауызбіршіліктің бұзылмауына бас болып, ұйытқы болып жүргенін айтып, алғысын білдірді.

Содан соң, алдағы уақытта ауданда атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөліскен аудан әкімі қариялардың талап-тілектеріне жауап берді. Жиынды Сұрат ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Көлбай Анафияев ақсақал өзінің батасымен тәмамдады.

Қарттар күніне арналған іс-шаралар аудандық Мәдениет үйінде мерекелік жиынға ұласты. Мейірхан Өмірбек жиналған көпшілікті осынау мерекемен құттықтап, қарияларымыздың қоғамдағы орны, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы жайында ой қозғап, барша жасы үлкен қарияларға өзінің ақ тілегін жаудырды. Содан соң, марапаттау рәсіміне кезек беріліп, Мейірхан Азатұлы ауданымыздағы көпбалалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапаттады. Одан әрі, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға кезек берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.