Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы жинақ болып шықты | arainews.kz

Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы жинақ болып шықты

245

Жамбыл облысында «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» атты 8 дискіден құралған антология жарық көрді.

Жинаққа Сарысуда туған халық композиторлары мен есімі елге таныс әнші-күйшілердің шығармалары, өңірде көп шырқалатын халық әндері енген.

«Рухани жаңғыру» жобасының «Туған жер» бағдарламасы аясында туған өлкенің ән, күй қазынасын қамтыған антология шығаруды ұйғардық. Сарысу өңірі — ұлтымыздың тағдыр талайына талай мәрте куә болған тарихы терең өлке. Қарт Қаратау — саусағынан саз төгілген дәулескер күйшілердің мекені. Сондықтан, І диск дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлеріне арналды. Сүгір күйлерінен бастау алатын күйлердің таңдаулы нұсқалары сарысулық күйшілердің орындауларында IІ дискіге енді. Және мұнда сарысулық күйшілердің шығармашылық портретін ашатын радиохабарлар да берілді», — деді жоба продюсері, идея авторы Болатбек Төлепберген.

Өз кезегінде III, IV дискілеріне Сарысудан шыққан композиторлар Илья Жақанов пен Тынышбай Рахымның әндері топтастырылған.

«Біртуар әншілер Амангелді Сембин мен Сәуле Жанпейісованың орындауындағы шығармалар V-VI дискілерде жинақталды. Ал «Сарысу композиторлары мен әншілері» атты VІІ-VІІІ топтамаларға — Сарысу өнерпаздарының шығармалары енгізілді», — деді Б. Төлепберген.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.