«Рухани жаңғыру» жобалық офисі қызметкерлеріне арналған семинары өтті

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі қызметкерлеріне арналған обылстық оқыту семинары өткізілді. Семинардың бірінші күні 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттар есебінен соғылған «Баласағұн» музейінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қолдауымен өткізілді. Семинардың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов алғы сөз айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Басқарма басшысынан кейін сөз алған Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мекемесінің басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа бағдарламаның басым бағыттары және арнайы жобалармен тиімді жұмыс жасау жолдарын түсіндіріп, алдағы атқаратын жұмыстарды атап өтті.

Семинар жұмысы секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. Бірінші секцияда жобалармен жұмыс жасау түсіндірілсе, екінші секцияда атқарған жұмыстарды ақпараттандыру жолдары яғни БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары түсіндірілді.

Семинардың екінші күні семинар қатысушыларына арналған  «Рухани жағңыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасына Жамбыл облысынан енген Көне Тараз қалашығы, Қарахан кесенесі, Айшабибі, Бабаджа хатун кесенелері және өзге де тарихи орындарға экскурсия жұмысымен жалғасты.

Экскурсиядан кейін семинар қатысушылары «Төрткүл» керуен сарайында жиналды. Этно ауылда қатысушыларға түскі ас беріліп, түскі астан соң қатысушыларда Данияр Өмірбеков («SANA» оқыту орталығының коучері) көшбасшылық қабілет, ұжымдық жұмыс, жетістікке жету жолдары бойынша, Айгүл Разакова («Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы) ұлттық салт-дәстүрді ұстану бойынша тренинг жүргізді. Тренингтен кейін семинар қатысушылары арасында қазақи ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Атап айтсақ асық ату, садақ ату, ләңгі тебу секілді. Екі күндік семинарды жобалық офис басшысы Серікбол Берікқожа қорытындылап қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Семинар нәтижесінде алдағы уақытта облысымызда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткізілген шарада бағдарлама мағынасы кеңінен ашылып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жетеді деп сенеміз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.