Республикалық сенбілікке 10 мың жамбылдық қатысты | arainews.kz

Республикалық сенбілікке 10 мың жамбылдық қатысты

153

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқан #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акциядан жамбылдықтар да шет қалған жоқ. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұйытқы болуымен өңіріміздегі барлық су айдындары мен өзен-көлдерде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, инспекцияның ұйымшыл ұжымы Байзақ ауданына қарасты Сарыбалдақ және Юбилейная көлін қоқыстан тазартты.
Облыс бойынша 10 мыңға жуық адам ат салысқан іс шараның нәтижесінде шамамен 20 тоннадай қоқыс жиналған.
Айта кетейік, бұл акция ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бастамасымен қолға алынған болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.