Ректор дәрісі | arainews.kz

Ректор дәрісі

136

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Сарыбеков 1-курс студенттеріне «М.Х.Дулатидың мұрасы және жастар» тақырыбында дәріс оқыды. 1-курс студент­терінің жоғары оқу орнындағы алғашқы күнін университет ректорының дәрісінен бастау соңғы жылдары білім ордасында дәстүрге айналды.
Дәріс кезінде университет ректоры білімгерлерді оқу ордасының тарихымен, жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың өнегеге толы өмір жолы мен мұралары туралы да мол мағмұмат берілді.
Оқу ордасының басшысы студенттерге қаңтар айында Үндістанның Кашмир аймағының Сринагар қаласына барып қайтқан университет делегациясының сапары жөнінде де мазмұнды әңгімеледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.