Ардагерлер студенттермен кездесті | arainews.kz

Ардагерлер студенттермен кездесті

169

Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы жастар арасында жұмыс жүргізу жөніндегі тұрақты комиссиясы мен қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары Абай атындағы гуманитарлық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Жиында Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің іске асырылу жайы сөз болды.
Басқосу барысында сөз алған Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы жастар арасында жұмыс жүргізу тұрақты комиссияның төрағасы Мақұлбек Жаналиев Елбасы Жолдауы мемлекет жаңғыруын жүзеге асыратын бірегей бағдарламалық құжат екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, тұрақты комиссия мүшелері Якул Шуақова, Қанымкүл Бейсембаева жастар үшін жаңғырудың бастауы – отансүйгіштік, ел мен жерге адал қызмет ету екендігін тілге тиек етті. Кездесуде тұрақты комиссияның төрағасының орынбасары Алдаберді Мақашев қыз баланың тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды. Студенттер де сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарға қанықты.

Тұрсын БАКЕЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.