Пробация қызметкерлері қоғам тыныштығын бақылауда ұстап, тиісті міндеттерін атқару тиіс | arainews.kz

Пробация қызметкерлері қоғам тыныштығын бақылауда ұстап, тиісті міндеттерін атқару тиіс

83

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Әсел Кабулова Шу аудандық пробация бөліміне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Әсел Темірболатқызы бұл күні өз әріптестерімен сұхбат жүргізіп, олардың құқық қорғау қызметкерлерінің имиджіне сай дайын болуын ескертті. Ол өз сөзінде ширақ қимылдап, дәлме-дәл уақытта сақадай сап түзейтін ҚАЖ қызметкерлеріне жүктелген міндет жүгі ауыр екенін жеткізді. Мұнан соң, әрбір қызметкердің қызметтік куәлігі мен дабыл сөмкесі және өзге де заттары тексерілді.

Сондай-ақ бұл күні аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында сот үкімімен кінәлі деп танылған жандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша мазмұнды әңгімелер айтылып, олардың қоғамға тез бейімделуіне және ақылы жұмысқа орналасуына жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе пробация қызметкерлері де ықпал ететіні сөз болды. Соңында аудандық пробация қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықты болдырмау бағытында қырағылық танытып жүйелі қызмет ету тапсырылды. Себебі, пробация қызметкерлері қоғам тыныштығын бақылауда ұстап, тиісті міндеттерін атқару тиіс!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.