Медицина қызметкерлеріне алғысын жеткізді | arainews.kz

Медицина қызметкерлеріне алғысын жеткізді

79

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлеріне кәсіби қызметі мен көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Жазасын өтеуіш Р. Карин өзінің алғыс хатында мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерін өте мейірімді, жүрегі жұмсақ, ізгі ниетті және өте сауатты, білімді дәрігерлер екенін айтқан. Ол өзінің жүрекжарды хатында қандай кеңес сұрасаң да, сауалыңа жауабы дайын, шағымды мұқият тыңдап, дәрігерлік ақыл-кеңесін беріп, қандай дәрі-дәрмек қабылдау керек екенін айтатын әрі сырқаттан жазылудың жолдарын көрсететін ақ жеңді абзал жандарға өз ризашлығын білдірген.

Сотталған азамат мекеменің дәрігерлерімен адам ретінде де, өзіңнің жақының сияқты да, жай қарапайым адам ретінде де тілдесіп, шүйіркелесудің өзі бір ғанибет екенін жеткізген. Ол жазасын өтеп жатқан мерзім ішінде мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерінің адамгершілігіне, қарапайымдылығына, мейірімділігіне, жанының жылуына сондай-ақ дәрігерлік көмекке мұқтаж әрбір жанға қол ұшын созатындығына куә болған.

«Жазамды өтеу барысында медицина бөліміне бірнеше рет жүгінді. Әр барғанымда ақ халатты абзал жандар өз кәсібиліктерін танытып, үлкен қолдау көрсетті. Әсіресе, бөлім басшысы Гүлшат Медетбековағаның кәсіби біліктілігінің жоғарылығын ерекше атап өткім келеді» – дейді сотталған өз хатында.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.