Петропавлда жігіт колледж аумағында өзіне қол салған | arainews.kz

Петропавлда жігіт колледж аумағында өзіне қол салған

9 667

Петропавлда 19 жастағы жігіт колледж аумағында өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің аумағында болған. Полицияға болған оқиға туралы 4 мамыр күні 07:42-де хабарланған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер суицид дерегін растады. Қазір оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Әзірге қаза тапқан жігіттің оқу орнында оқығаны туралы ақпарат жоқ. Облыстық білім басқармасында төтенше жағдай туралы пікір білдірмеген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.