«Құрылысшы болып жұмыс істеді»: Петропавлда өзіне қол жұмсаған студент туралы колледж басшылығы айтып берді | arainews.kz

«Құрылысшы болып жұмыс істеді»: Петропавлда өзіне қол жұмсаған студент туралы колледж басшылығы айтып берді

4 551

Петропавлда бірінші курс студенті колледж ауласында өз-өзіне қол салған. Студент туралы колледж басшылығы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

 

19 жастағы бозбала өз тобының басшысы  болған көрінеді. Таныстарының айтуынша, жігіттің бұрын-соңды оғаш қылығы байқалмаған.

Өз-өзіне қол салған құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенті. Оқу ғимаратының алдындағы ағашта асылып тұрғанын бірінші күзетші көрген.  Бірақ, оның өзін неліктен өлімге қиғанын ешкім білмейді. Коллеж ұжымы таң атқаннан дүрлігіп жатыр.

Колледж басшылығы марқұмның ашық мінезді болғанын айтады. Топ басшысы болған. Ай сайын шәкіртақы алып отырыпты. Мұғалімдер үлгілі студенттің мұндай әрекетке баруына  не түрткі болғанын түсіне алар емес.

«Біздің Самат Мағжан Жұмабаев ауданынан келді. Әкесі жоқ, анасы сол жақта тұрады. Ал ол осында пәтер жалдап тұрды. Сабақтан тыс құрылысшы болып жұмыс істеді. Құрбыларымен қарым-қатынасы жақсы болатын. Сессия да әлі басталған жоқ. Сондықтан неге былай істегенін білмейміз», — дейді Петропавл құрлыс-экономикалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Полиция бұл әске қатысты тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебін анықтауға тырысуда.

«Өзіне өзі қол жұмсау бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 105 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама жұмыстары тағайындалды», — дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрбек Баекин.

Марқұмның мәйітіне сот медициналық сараптама жасалады. Айта кету керек, студенттердің өз-өзіне қол салу жағдайы Қызылжарда соңғы бес жылда мүлдем болмаған.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда жасөспірімнің өзіне қол салғаны туралы жазған болатынбыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.