Парасаттылық шектеулерін жалпылай қабылдау

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакеттерін дайындау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.
Оның бірі Заңнамамен парасаттылыққа тексеру институтын Integrity Check енгізу. Бұл құқық қорғау және бақылау – қадағалау органдарының қызметкерлеріне қатысты ерекше өндіріс аясында (құпия әдістермен) және соттың санкциясымен қатаң түрде жүргізілетін қызметтік тексерістің аналогы.
Тестіленуші (тексерілуші) пара, өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісімін білдірген жағдайда, жұмыстан босатылады. Бұл ретте, оған қатысты соңғы үш жыл бойы мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым белгіленетін болады.
Осыған орай, бүгінгі күні Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары негізінде Парасаттылық шектеулерін сақтау келісімі әзірленді.
Осы парасаттылық келісім парағында қызметкерлер өз өкілеттіліктер шегінде келесі шектеулерді қабылдауы қарастырылған, олар:
— мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
— мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
— адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, жұмыс уақытында қымбат заттарды пайдаланбауға, оның ішінде көлік құралы (2900 АЕК), сырт киім (500 АЕК), сағат, бағалы заттар және аксессуарларға (100 АЕК) қатысты.
— өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
— жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
— қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша парасаттылық шектеулерін сақтауға келісімін береді.
Демек, қызметкер өз қызметін атқару кезінде, қандай да бір азамат тарапынан сыйлық, пара ұсынуға байланысты адалдықтың тексеруіне өз рұқсатын береді.
Егер қызметкер парасаттылық тексеруінің нәтижесі бойынша сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда, онда тәртіптік, оның ішінде қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілікке тартылады.
«Бүгінгі күні, парасаттылық шектеулерді сақтауға келісімін азаматтармен тікелей байланыс жасайтын мемлекеттік органдармен қызметкерлерімен қабылдануда. Соның ішінде, ішкі істер органдарымен бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде, көші-қон полициясы, патрульдік полиция батальоны, тергеушілер мен жедел қызмет қызметкерлері 1500 аса қызметкері парасаттылық шектеулерді қабылдады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты күрт төмендетуге және полиция қызметіне деген сенімін арттырады деп есептейміз» — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.